Расширенный поиск
На главную Карта сайта RSS RSS
Уменьшить шрифт Увеличить шрифт
Предыдущий слайдер
17 Қазан 11:32 2020 жылға Атаулы Әлеуметтік Көмектің жаңа тәсілдері 16 Қазан 10:49 «Пак А.Г.» ЖК және «АрселорМиттал Теміртау» АҚшетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысы 2019 жылғы 17 қазанда сағат 12.00-де Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 3 қабат, 305 каб. мекенжайында болады. 01 Қазан 09:56 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ және Қазақстандағы «Forever Flourishing (Middle Asia) Pty Ltd» (Форевер Флорайшинг (Мидл Азия) Пти Лтд) ЖШС шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысы 2019 жылғы 3 қазанда сағат 12.00-де Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 3 қабат, 305 каб. мекенжайында болады 12 Қыркүйек 09:04 Қазақстандағы Citic Construction Co., Ltd филиалы шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысы 2019 жылғы 13 қыркүйекте сағат 12.00-де Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 3 қабат, 305 каб. мекенжайында болады. 11 Қыркүйек 09:04 Қазақстандағы Citic Construction Co., Ltd филиалы шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысы 2019 жылғы 13 қыркүйекте сағат 12.00-де Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 3 қабат, 305 каб. мекенжайында болады. 02 Қыркүйек 10:16 «Металлургическая научно-техническая компания «Син Бан» ЖШС шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысы 2019 жылғы 4 қыркүйекте сағат 12.00-де Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 3 қабат, 305 каб. мекенжайында болады 22 Тамыз 09:19 Қазақстандағы Citic Construction Co., Ltd филиалы шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысы 2019 жылғы 23 тамызда сағат 12.00-де Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 3 қабат, 305 каб. мекенжайында болады. 13 Тамыз 15:45 Шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу жөніндегі комиссияның отырысы 2019 жылғы 15 тамыз сағат 15.00-ге ауыстырылды. Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 3 қабат, 312 каб. мекенжайында болады 13 Тамыз 10:06 Корпорация «Исан» Қызылорда филиалына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысы 2019 жылғы 15 тамызда сағат 18.00-де Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 3 қабат, 305 каб. мекенжайында болады 12 Тамыз 09:42 Шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу жөніндегі комиссияның отырысы 2019 жылғы 14 тамызда сағат 15.00-де Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 3 қабат, 312 каб. мекенжайында болады

Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы

Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шiлдедегi N 343 Заңы

Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 16, 152-құжат


 МАЗМҰНЫ

      Осы Заң кемтар балаларды әлеуметтiк, медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың нысандары мен әдiстерiн айқындайды, дамуында кемiстiгi бар балаларға көмек көрсетудiң тиiмдi жүйесiн жасауға, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсiби даярлау iсiмен байланысты проблемаларды шешуге, балалар мүгедектiгiнiң алдын алуға бағытталған.

 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын терминдер мен
             анықтамалар

      Осы Заңда мынадай негiзгi терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау - кемтар балаларға тұрмыс-тiршiлiгiндегi шектелудi жою және оның орнын толтыру үшiн жағдай жасауды қамтамасыз ететiн және оларға басқа азаматтармен бiрдей қоғам өмiрiне қатысу мүмкiндiктерiн жасауға бағытталған арнаулы әлеуметтiк, медициналық және бiлiм беру қызметтерiн көрсететiн бiлiм беру, халықты әлеуметтiк қорғау, денсаулық сақтау ұйымдарының қызметi;

      2) кемтар бала (балалар) - белгiленген тәртiппен расталған, туа бiткен, тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулардан немесе жарақаттардың салдарынан тiршiлiк етуi шектелген, дене және (немесе) психикалық кемiстiгi бар он сегiз жасқа дейiнгi бала (балалар);

      3) "қатер" тобындағы бала (балалар) - ерте қолға алынбағандықтан, әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсетiлмегендiктен, дене және (немесе) психикалық дамуында кенжелеп қалу ықтималдығы жоғары болатын үш жасқа дейiнгi бала (балалар);

      4) дене кемiстiгi - ағзасы (ағзалары) дамуының және (немесе) жұмыс iстеуiнiң ұзақ уақыт бойы әлеуметтiк, медициналық және педагогикалық түзеу арқылы қолдауды қажет ететiндей созылмалы бұзылуы;

      5) психикалық кемiстiк - адам психикасы дамуының және (немесе) жұмыс iстеуiнiң уақытша немесе тұрақты кемiстiгi, соның iшiнде: сенсорлық бұзылыстардың салдары; сөйлеу бұзылыстары; эмоциялық-еркi жағынан бұзылыстары; ми зақымдануының салдары; ақыл-ой дамуының бұзылыстары, соның iшiнде ақыл-ой жағынан кенжелеп қалу; психикалық дамуының тежелуi және осыған байланысты оқып-үйренудегi өзiндiк қиындықтар;

      6) күрделi кемiстiк - психикалық және дене кемiстiгiнiң кез келген ұштасуы;

      7) ауыр кемiстiк - мемлекеттiк (оның iшiнде арнаулы) бiлiм беру стандарттарына сәйкес бiлiм беру қолжетiмдi болмайтын және оқыту мүмкiндiктерi өзiне-өзi қызмет көрсету дағдыларын, қоршаған дүние туралы қарапайым бiлiмдердi және қарапайым еңбек дағдыларын, немесе аясы тар кәсiби даярлықты меңгерумен шектелетiн дәрежедегi психикалық және (немесе) дене кемiстiгi;

      8) ерте қолға алу (ерте қолдау) - психикалық-дене бұзылыстары скринингiн, медициналық психологиялық-педагогикалық диагностиканы, емдеудi, дамыта оқытуды қамтитын, сәби жастағы (үш жасқа дейiнгi) балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау;

      9) әлеуметтiк бейiмдеу - нысаналы әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау процесiнде кемтар балалардың қоғамда қабылданған құндылықтарды, мiнез-құлық ережелерi мен нормаларын игеруi мен қабылдауы және еңбекке даярлануы жолымен әлеуметтiк орта жағдайларына белсендi түрде икемделуi;

      10) әлеуметтiк жұмыс - жекелеген адамдарға, отбасыларына олардың толық мәндi әлеуметтiк жұмыс iстеуiне кедергi келтiретiн бұзылған немесе жойылған функцияларының орнын толтыра отырып әлеуметтiк құқықтары мен кепiлдiктерiн iске асыруда көмек көрсету жөнiндегi қызмет;

      11) скрининг - "қатер" тобындағы балаларды анықтау мақсатымен жаппай стандартталған тексеру;

      12) медициналық және психологиялық-педагогикалық диагностика - әр түрлi кемiстiктердi анықтау мен емдеудiң, оқыту мен тәрбиелеудiң сайма-сай жағдайларын белгiлеу үшiн балалардың психикалық-дене дамуын кешендi салааралық бағалау;

      13) медициналық оңалту - организмнiң бұзылған немесе семiп қалған функцияларын емдеуге, қалпына келтiруге бағытталған медициналық iс-шаралар кешенi;

      14) арнаулы бiлiм беру бағдарламалары - кемтар балаларды оқытуға арналған бағдарламалар;

      15) арнаулы бiлiм беру - кемтар балаларға арнайы жағдайлар жасай отырып бiлiм беру;

      16) арнаулы бiлiм беру жағдайлары - техникалық және өзге де көмекшi құралдарды, сондай-ақ медициналық, әлеуметтiк және кемтар балалардың бiлiм беру бағдарламаларын игеруi онсыз мүмкiн болмайтын өзге де қызметтердi қоса алғанда, арнаулы бiлiм алу үшiн жасалатын жағдайлар;

      17) арнаулы бiлiм беру ұйымдары - кемтар балалардың диагностикасы және консультациялар алуы, оларды оқыту мен тәрбиелеу үшiн құрылған ұйымдар: психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерi, балалар бақшалары, мектептер жанындағы логопедтiк пункттер және басқа да ұйымдар;

      18) арнаулы түзеу ұйымдары - дамуында кемтар болып қалған:
      есту қабiлетi бұзылған (естiмейтiн, нашар еститiн, кейiннен саңырау болып қалған);
      көру қабiлетi бұзылған (көзi көрмейтiн, нашар көретiн, кейiннен соқыр болып қалған);
      жүрiп-түру мүшелерiнiң функциялары бұзылған;
      сөйлеу қабiлетi бұзылған;
      ақыл-ойы кенжелеп қалған;
      психикалық дамуы тежелген;
      эмоциялық-еркi жағынан және мiнез-құлқы бұзылған;
      күрделi бұзылыстары бар, оның iшiнде соқыр-саңырау болып қалған балаларға арналған ұйымдар;

      19) психологиялық тексеру - кемтар балалардың психикалық жағдайының ерекшелiктерi мен психикалық дамуындағы әлеуеттiк мүмкiндiктерiн анықтау;

      20) әлеуметтiк тексеру - тиiстi жастағы балаларға арналған жас нормативтерiн ескере отырып, дене кiрiптарлығына, жинақылығы, әдеттегi қызметпен айналысу қабiлетi, экономикалық дербестiгi мен қоғамға кiрiгу қабiлетi шектелуiне байланысты болуы мүмкiн әлеуметтiк кемiстiктер дәрежесiн анықтау;

      21) медициналық тексеру - балалардың тiршiлiк-әрекетiнiң шектелуiне себеп болатын жекелеген ағза немесе организм функциясының (функцияларының) бұзылу (болмау) түрiн, ауырлығын анықтау;

      22) педагогикалық тексеру - тиiстi жастағы балаларға арналған жас нормативтерiн ескере отырып, балалардың ақыл-ой жағынан даму ерекшелiктерiн және олардың ойын ойнауға, бiлiм алу мен қарым-қатынас жасауға әлеуеттiк мүмкiндiктерiн анықтау;

      23) кәсiби диагностика - бойындағы психикалық және (немесе) дене кемiстiгiн ескере отырып балалардың еңбек қызметiнiң немесе кәсiптiң дағдыларын меңгеру мен орындауға әлеуеттiк мүмкiндiктерiн анықтау;

      24) кемтар баланы оңалтудың жеке бағдарламасы - баланың соматикалық жай-күйi деңгейiнiң болжамын, психикалық-дене төзiмдiлiгiн, отбасының әлеуметтiк мәртебесi мен әлеуметтiк инфрақұрылым мүмкiндiктерiн ескере отырып, оның қажеттiлiктерiнiң құрылымына, ден қоятын мәселелерiнiң шеңберiне, құштарлықтарының деңгейiне сәйкес баланың тұрмыстық, қоғамдық, кәсiби қызметке қабiлетiн қалпына келтiруге бағытталған медициналық, психологиялық, педагогикалық және әлеуметтiк iс-шаралар тiзбесi;

      25) уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - азаматтардың денсаулығын сақтау, бiлiм беру, халықты әлеуметтiк қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органдар.

      2-бап. Қазақстан Республикасының кемтар балаларды
             әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық жағынан
             түзеу арқылы қолдау туралы заңдары

      1. Қазақстан Республикасының кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
      3. Жетiм балаларды, психикалық аурулары бар балаларды, күнкөрiсi төмен отбасыларын және мемлекеттiң қолдауын қажет ететiн адамдардың өзге де санаттарын мемлекеттiк қолдауға байланысты қатынастар кемтар балаларды әлеуметтiк және  медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдауға байланысты бөлiгiнде ғана осы Заңмен реттеледi.

      3-бап. Кемтар балаларды әлеуметтiк және
             медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау,
             оның мақсаттары, мiндеттерi мен принциптерi

      1. Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау баланың туғанынан басталып, ол кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн, жаппай кешендi медициналық, психологиялық, педагогикалық және әлеуметтiк тексеру мен кәсiби диагностика жүргiзу, оңалтудың жеке бағдарламасын әзiрлеу, медициналық, педагогикалық, психологиялық, әлеуметтiк қызметтер көрсету және еңбекке баулу арқылы жүргiзiледi.
      2. Әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың мақсаттары:
      1) туа бiткен және тұқым қуалайтын ауруларды, қалыпты дамудан ауытқушылықтарды ерте бастан (туған кезден) анықтау;
      2) балалардың дамуындағы кенжелеп қалу мен бұзылыстардың алдын алу, мүгедектiктiң ауыр түрлерiнен сақтандыру;
      3) балалар мүгедектiгiнiң деңгейiн төмендету;
      4) кемтар балалардың дене, психика және өзге де қабiлеттерiнiң орнын толтыру немесе оларды қалпына келтiру, олардың әлеуметтiк құқықтарын iске асыру, неғұрлым толық әлеуметтiк бейiмделуiне жәрдемдесу болып табылады.
      3. Әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың мiндеттерi:
      1) кемтар балаларды анықтау мен оларды есепке алудың бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн құру;
      2) арнаулы бiлiм берудi және арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетудi жүзуге асыратын ұйымдар желiсiн дамыту;
      3) кемтар балаларды әлеуметтiк бейiмдеу;
      4) кемтар балалары бар отбасыларын әлеуметтiк қолдау;
      5) әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдауды жүзеге асыратын ұйымдарды кадр, ғылыми және ұйымдастыру-әдiстемелiк жағынан қамтамасыз ету;
      6) халықты әлеуметтiк қорғау, денсаулық сақтау, бiлiм беру ұйымдарының кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау мәселелерi жөнiндегi қызметiн сабақтастыру болып табылады.
      4. Әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау мынадай принциптерге:
      1) кемтар балалар мен олардың отбасыларына әлеуметтiк қолдау және оңалту көмегiн көрсету кепiлдiгiне;
      2) кемтар баласы бар отбасы мен әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық қолдауды жүзеге асыратын ұйымдар мамандарының ынтымақтастығына;
      3) балалардың қабiлеттерiнiң шектелу дәрежесiне, жасына, әлеуметтiк мәртебесiне қарамастан, ерте қолдау мен бiлiм алуға қол жеткiзуiне және тең құқықтылығына;
      4) әрбiр балаға жеке тұрғыдан келiп, әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсетудi саралауға негiзделедi.

 2-тарау. КЕМТАР БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТIК ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕУ АРҚЫЛЫ ҚОЛДАУ МӘСЕЛЕЛЕРIН МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ

      4-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi

      Қазақстан Республикасының Yкiметi:
      1) кемтар балаларды әлеуметтiк қолдау бағдарламаларын бекiтедi;
      2) кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау саласындағы әлеуметтiк қызмет көрсету мен әлеуметтiк қамсыздандырудың мемлекеттiк стандарттарын айқындайды;
      3) азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау саласындағы медициналық көмектiң тегiн кепiлдiк берiлген көлемiн бекiтедi;
      4) кемтар балаларға арналған мектепке дейiнгi арнаулы тәрбие мен оқытудың және жалпы арнаулы бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарын әзiрлеу, бекiту тәртiбiн белгiлейдi.
      Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 320 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      5-бап. Азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы
             уәкiлеттi органның құзыретi

      Азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы уәкiлеттi орган:
      1) бала тууға көмектесетiн мекемелерде, балалар емханаларында, алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету мекемелерiнде "қатер" тобындағы балаларды барынша ертерек анықтау үшiн скрининг ұйымдастыру және анықталған "қатер" тобындағы және кемтар балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жiберу тәртiбiн белгiлейдi;
      2) дене және (немесе) психикалық кемiстiгi бар балалар патологияларының диагностикасын, әр алуан түрлерiн емдеудi ұйымдастыру тәртiбiн белгiлейдi;
      3) бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органмен бiрлесiп, "қатер" тобындағы балаларды ерте анықтау мәселелерi бойынша жалпы практика дәрiгерлерiн, балалар дәрiгерлерiн және орта буындағы медицина қызметкерлерiн даярлауды қамтамасыз етедi;
      4) кемтар балалардың диагностикасы және оларды емдеу жөнiндегi халықаралық тәжiрибенi пайдалануға жәрдемдеседi.

      6-бап. Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның
             құзыретi

      Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган:
      1) мектепке дейiнгi арнаулы тәрбие мен оқытудың және бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң мемлекеттiк бiлiм беру стандарттарын белгiлейдi;
      2) барлық бiлiм беру ұйымдары үшiн арнаулы бiлiм беру шарттарының бiрыңғай принциптерi мен нормативтерiн айқындайды;
      2-1) мемлекеттiк статистикалық есептiлiк негiзiнде халықты әлеуметтiк қорғау органдарымен бiрлесе отырып кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың республикалық, жергiлiктi бағдарламаларының мониторингiн жүргiзедi;
      3) кемтар балалар оқитын арнаулы сыныптардың (топтардың) шектi толымдылығын айқындайды;
      4) арнаулы бiлiм беру ұйымдарының типтерi мен түрлерiнiң тiзбесiн белгiлейдi; арнаулы бiлiм алуға мұқтаж адамдар үшiн бiлiм беру ұйымдарында қажеттi орын санын айқындайды;
      5) кемтар балаларды оқытуды жүзеге асыратын бiлiм беру ұйымдарының материалдық-техникалық және оқу-әдiстемелiк жарақтандырылуы мен қамтамасыз етiлуiне қойылатын ең төменгi мiндеттi талаптарды белгiлейдi;
      6) оқушыларды аттестаттау әдiстемесiн айқындайды;
      7) азаматтардың денсаулығын сақтау, оларды әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органдармен бiрлесiп, кемтар балаларды оқытуға арналған техникалық құралдарға қойылатын нормативтiк талаптарды әзiрлейдi және бекiтедi;
      8) бiлiм беру ұйымдарын ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтiң үйлестiрiлуiн жүзеге асырады;
      9) арнаулы бiлiм беру саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтiк-құқықтық актiлердiң орындалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
      10) басқа мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау бағдарламаларын ғылыми негiздемелеудi ұйымдастырады.
      11) <*>
      Ескерту. 6-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.07.27. N 320 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.  

      7-бап. Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi
             органның құзыретi

      Әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:
      1) <*>
      2) кемтар балаларды әлеуметтiк қолдаудың бағдарламасын әзiрлейдi;
      3) әлеуметтiк қызметкерлер қызметiнiң функциялары мен сипатын айқындайды, мамандықтардың тiзбесi мен оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын белгiлейдi, әлеуметтiк қызметкерлерге әдiстемелiк көмек көрсетедi;

Дата редактирования: 27 Наурыз 2014

Управление координации занятости и социальных программ Карагандинской области При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна Разработка и поддержка: Интернет-компания Creatida