Расширенный поиск
На главную Карта сайта RSS RSS
Уменьшить шрифт Увеличить шрифт
Предыдущий слайдер
17 Қазан 11:32 2020 жылға Атаулы Әлеуметтік Көмектің жаңа тәсілдері 16 Қазан 10:49 «Пак А.Г.» ЖК және «АрселорМиттал Теміртау» АҚшетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысы 2019 жылғы 17 қазанда сағат 12.00-де Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 3 қабат, 305 каб. мекенжайында болады. 01 Қазан 09:56 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ және Қазақстандағы «Forever Flourishing (Middle Asia) Pty Ltd» (Форевер Флорайшинг (Мидл Азия) Пти Лтд) ЖШС шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысы 2019 жылғы 3 қазанда сағат 12.00-де Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 3 қабат, 305 каб. мекенжайында болады 12 Қыркүйек 09:04 Қазақстандағы Citic Construction Co., Ltd филиалы шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысы 2019 жылғы 13 қыркүйекте сағат 12.00-де Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 3 қабат, 305 каб. мекенжайында болады. 11 Қыркүйек 09:04 Қазақстандағы Citic Construction Co., Ltd филиалы шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысы 2019 жылғы 13 қыркүйекте сағат 12.00-де Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 3 қабат, 305 каб. мекенжайында болады. 02 Қыркүйек 10:16 «Металлургическая научно-техническая компания «Син Бан» ЖШС шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысы 2019 жылғы 4 қыркүйекте сағат 12.00-де Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 3 қабат, 305 каб. мекенжайында болады 22 Тамыз 09:19 Қазақстандағы Citic Construction Co., Ltd филиалы шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысы 2019 жылғы 23 тамызда сағат 12.00-де Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 3 қабат, 305 каб. мекенжайында болады. 13 Тамыз 15:45 Шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу жөніндегі комиссияның отырысы 2019 жылғы 15 тамыз сағат 15.00-ге ауыстырылды. Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 3 қабат, 312 каб. мекенжайында болады 13 Тамыз 10:06 Корпорация «Исан» Қызылорда филиалына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысы 2019 жылғы 15 тамызда сағат 18.00-де Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 3 қабат, 305 каб. мекенжайында болады 12 Тамыз 09:42 Шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу жөніндегі комиссияның отырысы 2019 жылғы 14 тамызда сағат 15.00-де Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 3 қабат, 312 каб. мекенжайында болады

Оралман мәртебесін беру Қағидалары

1. Жалпы ережелер

  Осы Оралман мәртебесін беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы 11-бабының9 тармақшасына сәйкес әзірленді және оралманмәртебесін беру тәртібін айқындайды.
  Осы Қағидалар тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныстанған Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде одан тыс жерде тұрақты тұрған этникалық қазақтарға, сондай-ақ оның Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін одан тыс жерде туған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балаларына қолданылады.
2. Өтініш беру, оны тіркеу және Қазақстан Республикасының
аумағына өз бетінше келген оралман мәртебесін алуға үміткер
этникалық қазаққа және оның отбасы мүшелеріне оралман
мәртебесін беру

Өз бетімен кірген және тұрақты тіркеуге тұрған этникалық қазақтар оралман мәртебесіне өтініш бере алады. 
Оралман мәртебесін беруге өтінішті  оралман мәртебесін алуға үміткер этникалық қазақ  немесе оның отбасының кәмелетке толған бір мүшесі  жергілікті атқарушы органға жеке тапсырады.
Өтінішке мынадай құжаттар:
1) өмірбаян (еркін нысанда);
2) өтініш білдірушінің және онымен бірге қоныс аударған отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері (шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаттары, кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәліктері);
3) өтініш білдіруші адамның осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін белгілейтін құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
       Жергілікті атқарушы орган осы Қағидаларға сәйкес нысан бойынша өтініш тіркелген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей оралман мәртебесін беру туралы шешім қабылдайды және ресімдейді.
Оралман болып танылған адамдарға оралман куәлігі беріледі.
Оралман куәлігі кәмелет жасына толған әрбір отбасы мүшесіне беріледі. Оралманның кәмелет жасына толмаған отбасы мүшелері өтініш білдіруші адамның куәлігіне жазылады.
Оралман куәлігі қатаң есептегі құжат болып табылады және оның мәртебесін растауға негіз болады.

Оралмандарды қоныстандыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген өңірлерге келген этникалық казақтар және олардың отбасы мүшелері оралман мәртебесін тағайындалғаннан кейін:

  • Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарында (Қарағанды қаласы Бұқар жырау даңғылы 1) тегін бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерімен;
  • Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес тұрғылықты тұратын жерінде медициналық көмекпен;
  • Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең жағдайда мектептерде және мектепке дейінгі ұйымдарда орындармен, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін көлемде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беретін оқу ұйымдарына оқуға түсуге бөлінген квотаға сәйкес білім алу мүмкіндігімен;
  • Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең әлеуметтік қорғалумен (қала және аудан әкімдіктері);
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесумен (тұрғылықты тұратын жерінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері)  қамтамасыз етіледі.
  • Ауылдық елді мекендердің жерінен уақытша өтеусіз жерді пайдалану құқығына жер телімдері, құрылысқа, қалпына келтіру немесе тұрғын үй алуға жеңілдетілген несиелік қарыздар беріледі. (Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдері және жер қатынастары бөлімі).

Дата редактирования: 07 Тамыз 2014

Управление координации занятости и социальных программ Карагандинской области При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна Разработка и поддержка: Интернет-компания Creatida