Расширенный поиск
На главную Карта сайта RSS RSS
Уменьшить шрифт Увеличить шрифт
Предыдущий слайдер
13 Ақпан 15:50 «Forever Flourishing (Middle Asia) Pty Ltd» (Форевер Флорайшинг (Мидл Азия) Пти Лтд) ЖШС шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысы 2019 жылғы 14 ақпанда сағат 12.00 07 Ақпан 10:06 «Өркен» ЖШС шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысы 2019 жылғы 8 ақпанда сағат 12.00-де Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 3 қабат, 305 каб. мекенжайында болады. 30 Қаңтар 14:00 «СП «Сине Мидас Строй» ЖШС және «Альянс Уголь» ЖШС шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру 22 Қаңтар 16:43 2018 жылы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша есебі 11 Қаңтар 16:55 Открылся первый пункт Центра занятости по трудоустройству на рынке «Шыгыс» 25 Желтоқсан 10:22 «Lam 2030» ЖШС шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссияның отырысы 2018 жылғы 26 желтоқсанда сағат 12.00-де Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 3 қабат, 305 каб. мекенжайында болады. 14 Желтоқсан 10:29 «Appak Minerals» ЖШС шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысы 2018 жылғы 19 желтоқсанда сағат 12.00-де Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 3 қабат, 305 каб. мекенжайында болады. 05 Желтоқсан 11:19 «Forever Flourishing (Middle Asia) Pty Ltd» (Форевер Флорайшинг (Мидл Азия) Пти Лтд» ЖШС шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысы 2018 жылғы 7 желтоқсанда сағат 12.00-де Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 3 қабат, 305 каб. мекенжайында болады 13 Қараша 09:50 «Максам Казахстан» ЖШС шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысы 2018 жылғы 15 қарашада сағат 12.00-де Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 3 қабат, 305 каб. мекенжайында болады. 08 Қараша 12:07 «Ankitech (Анкитек)» ЖШС шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысы 2018 жылғы 12 қарашада сағат 12.00-де Қарағанды қаласы

Электрондық бизнес

Электрондық коммерция - бизнесті дамытуға жаңаша ынталандыру

Электрондық коммерция қазіргі заманғы экономиканың ажырамас бөлігіне айналды. Тауарларды интернет жүйесі арқылы сатып алатын тұтынушылар саны артуда, ал коммерциялық ұйымдар кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде осы желінің мүмкіндіктерін пайдаланады.

Осыған байланысты қолайлы бизнес-орта құру және электрондық сауданы дамытуды ынталандыру мақсатында 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген жаңа Салық кодексінің шеңберінде электрондық сауда саласында алынатын кірістерді корпоративтік және жеке табыс салықтарынан 0% -ға дейін босату бөлігінде жалпыға ортақ белгіленген тәртіптезаңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшін преференциялар күшіне енді.

Бұл ретте жаңа Салық кодексінде тауарлармен электрондық сауда түсінігі айқындалған:

біріншіден, тауарларды өткізу жөніндегі мәмілелерді ресімдеу электрондық нысанда жүзеге асырылса;

екіншіден, тауарлар үшін ақы төлеу қолма-қол емес төлеммен жүргізілсе;

үшіншіден, тауарларды сатып алушыға (алушыға) жеткізетін өз қызметі болса не жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, курьерлік және (немесе) пошталық қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен шарттар болса, интернет-дүкен және (немесе) интернет-алаң арқылы ақпараттық технологиялар көмегімен жүзеге асырылатын жеке тұлғаларға тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет.

Тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының корпоративтік табыс салығының есептелген сомасын азайту, дара кәсіпкер кірісінің салық салынатын сомасын дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту, жеке тұлғаның салық салынатын кірісін дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту бөлігіндегі нормаларын қолданатын тұлғалар осындай қызмет жөніндегі ақпаратты орналасқан жеріндегі салық органына уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша беруге міндетті.

Тауарлармен электрондық сауда кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалар салық органының сұрау салуы бойынша мәліметтерді уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша ұсынады.

Тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушіосы Кодекстің 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығы мен жеке табыс салығын 100 пайызға азайтады.     

Салықтық есептілікті тапсыруды жеңілдету үшін кәсіпкерлердіңэлектрондық саудасаласындағы әкімшілікшығындарын азайту мақсатында салықтық жеңілдіктердің автоматтандырылған тәртібін енгізу үшін НҚА әзірленеді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қолма-қол ақшасыз жүргізілетінтөлемдердегі комиссияны едәуір төмендету үшін лездік мобильді төлемнің жаңа жүйесін құруда, сөйтіп, бизнесті онлайн режимде жүргізудің тартымдылығына жағдайжасалады.

«Атамекен» ҰКП электрондық сауда саласында кәсіпкерлік субъектілерінің құзыретін арттыру үшін «Бизнесті ойнлайн шығару» бизнесті жүргізуді сервистік қолдау арқылыбазалық цифрлық дағдыларын оқыту көзделген.

«Казпошта» АҚ кәсіпкерлік сауаттылықты арттыру мақсатында E-commerce орталықтары базасында «толық дайын» онлайн-дүкендерін құру бойыншақызметтер көрсетілетін болады, осылайша бизнесті оффлайн режимнен онлайн режимге ауыстыру үшін, интернетте бизнесті жүргізу дағдыларын үйрету және оны сүйемелдеу,сондай-ақ аутсорсинг, логистиканегізінде көрсетілетін қызметтерді сүйемелдеу, интернетдүкендердің сайттарынүлгілеуде техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ете отырып, жүйелік платформаларда оңтайлы шешімді таңдауда кеңес беруде жағдайлар жасалады.

Сонымен бірге бұл норма 2022 жылға қарай электронды сауда мен онымен байланысты салаларда шамамен 200 мың жаңа жұмыс орнын құру үшін, жаңа интернет-дүкендерін ашу, онлайн-тапсырыстардың санын арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.

Бұл норманы қолдану 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырылатын болады.

Бизнесті электрондық коммерциямен баста

Электрондық коммерцияның жоғары деңгейі қоғам дамуының көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Электрондық сауда көлемінің артуы кәсіпкерлік субъектілерінің қаржы- экономикалық қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді және көлеңкелі экономиканың деңгейін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.

Электрондық коммерцияның тиімді дамуы телекоммуникациялық инфрақұрылымның деңгейіне және деректерді берудің қолжетімділігіне, халықтың цифрлық сауаттылығы деңгейіне, тұтынушылардың құқытарын қорғауды қамтамасыз етуге, заңнамаға, логистикалық инфрақұрылым деңгейіне, сондай-ақ қолма-қол ақшасыз төлем құралдарын дамытуға байланысты болады.

Электрондық сауданы қолдау мен дамыту мақсатында жаңа Салық кодексінде 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген жаңа Салық кодексінің шеңберінде электрондық сауда саласында алынатын кірістерді корпоративтік және жеке табыс салықтарынан 0% -ға дейін босату бөлігінде жалпыға ортақ белгіленген тәртіпте заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшін преференциялар күшіне енді (тауарларды өткізу жөніндегі мәмілелерді ресімдеу электрондық нысанда жүзеге асырылады, тауарларға ақы төлеу жалпы жылдық кірістің кемінде 90% -ы қолма-қол емес төлеммен жүргізіледі,тауарларды сатып алушыға (алушыға) жеткізетін өз қызметінің не жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, курьерлік және (немесе) пошталық қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен шарттар болуы

Бұл норманы қолдану 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырылатын болады.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында тұтынушыларды интернет-ресурстар арқылы тауарлар туралы ақпараттандыру, сондай-ақ тұтынушыларды тауарлардың сапасы, қасиеттері мен сипаттамалары туралы сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету, сондай-ақ сапасыз ұсынылған тауар үшін тұтынушының алдында жауапты болу жөніндегі сатушылар мен делдалдарға арналған міндеттемелерді көздейтін норманы енгізу ұсынылады.

Сондай-ақ төлем жүйесі интернет сауданың негізгі элементтерінің бірі болып табылады.

Бұл бағыт шеңберінде кәсіпкерлердің тауарлармен электрондық саудадағы шығындарын (қолма-қол ақшасыз төлемдер бойынша банк комиссиясының мөлшерін) азайту мақсатында интеграцияланған (екінші деңгейдегі банктермен) ішкі төлем платформасын енгізу бойынша, төлем жүйелерін, оның ішіндемобильді төлемдерді жүзеге асырудың жеңілдетілген тетігін енгізу халықаралық тәжірибені есепке ала отырып, ұялы төлемдер үшін комиссияны азайту ұсынысы, электрондық шот-фактурға атолықтай өтуді қамтамасыз ету арқылы жетілдіружұмыстары басталды.

Кәсіпкерлердің цифрлфқ және қаржылық сауаттылықтарын арттыру мақстатында «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы оқытуға 12000 ШОБ субъектісі қамтылатын жаңа «бизнесті ойнлайн шығару» көрсетілетін қызметті енгізе отырып, «сервистік қолдауға»электрондық коммерция бағытын қосу көзделген.

Кәсіпкерлік сауаттылықты арттыру үшін «Қазпошта» АҚ E-commerce базасында «толық дайын» интернет-дүкендерін құру бойынша қызметтер көрсетілетін болады.

2018 жылдан бастап «Қазпошта» АҚ логистика инфрақұрылымын дамыту үшін кемінде екі логистикалық хабsy және сұрыптау орталықтарын (Fullfilment орталық) құруды жоспарлап отыр.Өңделетін сәлемдемелердің саны 5,148 млн-нан 6 млн-ға дейін20%-ға артады, Қазақстан бойынша нақты бағыттар бойынша экспресс-пошта арқылы жеткізу мерзімі 15-тен 6 күнге дейін және 1 күнге дейін азаяды деп болжануда.

Осы бағыттарды іске асыруды ескере отырып,2022 жылы электронды сауда мен онымен байланысты салаларда қосымша 200 мың жаңа жұмыс орнын құру көзделіп отырғанын айта кету қажет.

 
ССЫЛКИ НА РОЛИКИ


Дата редактирования: 14 Ақпан 2018

Управление координации занятости и социальных программ Карагандинской области При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна Разработка и поддержка: Интернет-компания Creatida