Расширенный поиск
На главную Карта сайта RSS RSS
Уменьшить шрифт Увеличить шрифт
Предыдущий слайдер
31 Наурыз 11:15 Қазақстандағы CITIC Construction Co., Ltd филиалына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссияның отырысы 2020 жылғы 2 сәуірде сағат 12.00-де Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 4 қабат, 410 каб. мекенжайында болады. 28 Ақпан 15:31 Rio Tinto Exploration Kazakhstan» (Рио Тинто Эксплорейшн Казахстан) ЖШС-ға шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысы 2020 жылғы 3 наурызда сағат 12.00-де Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 4 қабат, 410 каб. мекенжайында болады. 20 Ақпан 12:55 «Карцемент» АҚ-ға және «АК Алтыналмас» АҚ-ға шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысы 2020 жылғы 24 ақпанда сағат 12.00-де Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 4 қабат, 410 каб. мекенжайында болады. 07 Ақпан 14:50 «Ремэкология» ЖШС шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысы 2020 жылғы 10 ақпанда сағат 12.00-де Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 4 қабат, 410 каб. мекенжайында болады. 14 Қаңтар 15:37 «Thai Vacation» ЖШС және Астана қаласындағы «Ренейссанс Констракшн» АҚ филиалына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысы 2020 жылғы 16 қаңтарда сағат 12.00-де Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 4 қабат, 410 каб. мекенжайында болады. 25 Желтоқсан 16:13 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, Астана қаласындағы «Ренейссанс Констракшн» АҚ филиалына, «Forever Flourishing (Middle Asia) Pty Ltd» (Форевер Флорайшинг (Мидл Азия) Пти Лтд) ЖШС, «YDD Corporation» (УайДиДи Корпорейшн) ЖШС, «Kolin Insaat Turizm Sanayi ve Ticaret Anonim Sirketi» (Колин Иншаат Туризм Санайи ве Тиджарет Аноним Ширкети) АҚ филиалына, «Ремэкология» ЖШС шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысы 2019 жылғы 26 желтоқсанда сағат 12.00-де Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 3 қабат, 410 каб. мекенжайында болады. 24 Желтоқсан 11:25 Мүгедектік 5 жылға белгіленетін аурулардың тізбесі бекітілді 13 Желтоқсан 10:27 Қазақстандағы CITIC Construction Co., Ltd филиалына, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Forever Flourishing (Middle Asia) Pty Ltd» (Форевер Флорайшинг (Мидл Азия) Пти Лтд) ЖШС және Астана қаласындағы «Ренейссанс Констракшн» АҚ филиалына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысы 2019 жылғы 18 желтоқсанда сағат 12.00-де Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 3 қабат, 410 каб. мекенжайында болады. 09 Желтоқсан 09:17 Астана қаласындағы «Ренейссанс Констракшн» АҚ филиалына және «China Machinery Engineering Corporation» (Чайна Машинери Инжиниринг Корпорейшн) компания филиалына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысы 2019 жылғы 11 желтоқсанда сағат 12.00-де Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 3 қабат, 410 каб. мекенжайында болады. 29 Қараша 17:04 Көпбалалы отбасыға жәрдемақы

Жаңалықтар

Мүгедектік 5 жылға белгіленетін аурулардың тізбесі бекітілді


Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылға дейінгі ҚР мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспарды іске асыру шеңберінде медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізді. Атап айтқанда, ересектерге мүгедектік 5 жыл мерзімге белгіленетін аурулар тізбесі бекітілді.

МӘС жүргізу қағидаларына өзгерістер мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің ұсынымдарына сәйкес енгізілді, оның құрамына мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері кіреді. Олар оңалту болжамы қолайсыз аурулар бойынша қайта куәландырудан жиі өту қажеттігіне байланысты бірнеше рет қолайсыздықтарды атап өтті.

Осыған байланысты дене функцияларының ауыр бұзылуымен, оңалту болжамы күмәнді немесе қолайсыз 19 аурудың тізбесі жасалды, оған сәйкес мүгедектік 5 жылға белгіленуі мүмкін. Олардың ішінде интоксикация айқын білінетін қатерлі ісіктер, психика айқын бұзылған шизофрения, органдар мен организм функцияларының айқын білінетін біршама бұзылуымен қант диабеті, V сатыдағы созылмалы бүйрек аурулары және т.б. бар.

Осы белгілері бар мүгедектер 5 жылда бір рет қайта куәландырудан өтеді. Бұрын 18 жастан асқан адамдарға мүгедектік 1 жылға, 2 жылға немесе мерзімсіз берілді.

Сонымен қатар, емдеуге келмейтін анатомиялық дефектілер тізбесі кеңейтілді. Сондай дефектілері бар 18 жастан асқан адамдарға мүгедектіктің екінші тобы қайта куәландырудан өтпестен белгіленеді. Тізбеге қан диабеті мен Лериш синдромы аясындағы екі аяқтың ампутациясы, 16 жасқа дейін балаға мүгедектікті алғаш белгілеген кезде орташа ақыл-ой кемістігі (имбецильділік) және түрлі генездегі ақыл-ой кемістігінің тиісті дәрежесі, екі аяқтың тұрақты білінетін парездерімен және білінетін шоғырланған гиперкинездермен қозғалудағы бұзылулар (гемипарез, парапарез, трипарез, тетрапарез) қосымша енгізілді.

Бұдан басқа, 16 жасқа дейінгі бала мүгедек деп танылатын медициналық көрсетілімдердің тізбесі кеңейтілді. Мәселен, мүгедектікті 5 жыл мерзімге белгілеу үшін қолданыстағы көрсетілімдер тізбесіне балалар аутизмі, Аспергер синдромы, атипикалық аутизм, сондай-ақ қайта куәландыру кезінде 1 және 2 типті қант диабеті және т. б. қосылды. 16 жасқа дейінгі мүгедектік терінің тұқым қуалайтын аурулары, Даун және Ретт синдромдары, үдемелі бұлшықет дистрофиясы, туа біткен миопатиямен және аутизммен, Аспергер синдромымен, атиптік аутизммен ауыратын балаларды қайта куәландыру кезінде белгіленеді.

Сондай-ақ, денсаулық жағдайы өзгергенде бұдан бұрын белгіленген мүгедектік мерзімі мен еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін қайта куәландыру тәртібі регламенттелді. Енді мүгедектер денсаулық жағдайы нашарлаған, сондай-ақ жақсарғанда да қайта куәландыруға жіберілетін болады.

Тағы бір жаңалық – Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің отырыстарын өткізу барысында аудио-және бейнежазба құралдарын пайдалану болып табылады.

Бұйрық 2020 жылғы қаңтарда күшіне енеді.

Бұйрық мәтінімен мына жерден танысуға болады: https://www.enbek.gov.kz/ru/node/365402


Вернуться назад

Управление координации занятости и социальных программ Карагандинской области При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна Разработка и поддержка: Интернет-компания Creatida