Расширенный поиск
На главную Карта сайта RSS RSS
Уменьшить шрифт Увеличить шрифт
Предыдущий слайдер
26 Мамыр 12:44 Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 63,7 млрд. теңгеге болініп, 625 жобаға 16 106 жұмыс орнын құрылады, оның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы 8 053 адам, құрылыс аяқталғаннан кейін тұрақты жұмыс орындарына 712 адам жұмысқа орналасады. 25 Мамыр 09:29 Төтенше жағдай кезеңіндегі азық-түлік-тұрмыстық жиынтығы 21 Мамыр 07:39 18,3 мыңға жуық мүгедек жанға мүгедектік мерзімі бірден 3 айға созылды 20 Мамыр 17:27 2020 жылдың 1 сәуіріне Бос орындар жәрмеңкелері бойынша ақпарат 19 Мамыр 14:50 Төтенше жағдай кезеңіндегі азық-түлік-тұрмыстық жиынтығы 18 Мамыр 07:15 Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 63,7 млрд. теңгеге болініп, 625 жобаға 16 106 жұмыс орнын құрылады, оның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы 8 053 адам, құрылыс аяқталғаннан кейін тұрақты жұмыс орындарына 712 адам жұмысқа орналасады. 15 Мамыр 10:32 2020 жылғанәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға 22 млрд. 513 млн.тенге бөлінді. 14 Мамыр 15:53 Арнайы мемлекеттік жәрдемақы 13 Мамыр 07:44 Шетелдік жұмыс күші бойынша ақпарат 11 Мамыр 07:43 Төтенше жағдай кезеңіндегі азық-түлік-тұрмыстық жиынтығы

Жаңалықтар

18,3 мыңға жуық мүгедек жанға мүгедектік мерзімі бірден 3 айға созылды


ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектерді қолдау бойынша қосымша шаралар қабылдады. Қайта қарау мерзімі төтенше жағдайдан (бұдан әрі - ТЖ) бір ай бұрын және оның барысында (16 ақпаннан 10 мамырға дейін) орын алған және қайта тексеруден өтпеген мүгедектер үшін мүгедектік мерзімі автоматты түрде бұған дейін белгіленген қайта тексеру күнінен бастап 3 айға ұзартылады.  Сонымен бірге қайта тексеру мерзімі ақпан айына келген мүгедектерге ай толық есептеледі.

Бұл шаралар мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсету, сондай-ақ Төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін карантиндік шараларды сақтау мақсатында қабылданды. Мүгедектікті автоматты түрде ұзарту медициналық-әлеуметтік сараптамаға құжаттарды рәсімдеу кезінде бір жерде топталуын болдырмайды және азаматтардың ауру жұқтыру қаупін азайтады.

Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларын жүзеге асыру мерзімі 3 айға ұзартылды. Бұрын ұсынылған оңалту шаралары, соның ішінде техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету күшінде қалады.

Мүгедектерді әлеуметтік қолдаудың барлық әлеуметтік қолдау шаралары мен жеңілдіктері 3 айға ұзартылды. Жәрдемақы бұрын айқындалған мүгедектік тобына, еңбекке жарамсыздық дәрежесіне сәйкес төленеді.

Айта кету керек, денсаулығының жағдайы өзгерген жағдайда, мүмкіндігі шектеулі жандар қайта тексеруден бұған дейін белгіленген мерзімнен бұрын өтуге құқылы.

Естеріңізге сала кетейік, қайта сараптама тағайындалған уақытынан бастап бір ай ішінде жасалуы керек.

Мысалы, егер қайта тексеру мерзімі ағымдағы жылдың 20 наурызында келген болса, онда мерзім автоматты түрде 20 маусымға дейін ұзартылады, ал 20 шілдеге дейін қайта тексеруден өтуі керек.

123123


Вернуться назад

Управление координации занятости и социальных программ Карагандинской области При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна Разработка и поддержка: Интернет-компания Creatida