Расширенный поиск
На главную Карта сайта RSS RSS
Уменьшить шрифт Увеличить шрифт
Предыдущий слайдер
07 Маусым 09:58 «Ренейссанс Констракшн» АҚ филиалына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысы 2019 жылғы 10 маусымда сағат 12.00-де Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 3 қабат, 305 каб. мекенжайында болады. 28 Мамыр 17:05 «Forever Flourishing (Middle Asia) Pty Ltd» (Форевер Флорайшинг (Мидл Азия) Пти Лтд) ЖШС-ға шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысы 2019 жылғы 30 мамырдағы сағат 12.00-де Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 3 қабат, 305 каб. мекенжайында болады 21 Мамыр 09:42 Астана қаласындағы «Ренейссанс Констракшн» АҚ филиалына, «Альянс Уголь» ЖШС, АҚ «НГСК КазСтройСервис» «Центральная техническая база» филиалы және «НГСК КазСтройСервис» АҚ Оралдық филиалы шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысы 2019 жылғы 23 мамырда сағат 12.00-де Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 3 қабат, 305 каб. мекенжайында болады 15 Мамыр 17:10 «Sluda» (Слуда) ЖШС және «FLSmidth» ЖШС шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысы 2019 жылғы 17 мамырда сағат 12.00-де Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 3 қабат, 305 каб. мекенжайында болады. 04 Мамыр 11:41 Қазақстандағы CITIC Construction Co., Ltd филиалына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысы 2019 жылғы 8 мамырда сағат 12.00-де Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 3 қабат, 305 каб. мекенжайында болады 29 Сәуір 12:26 «СП» Сине Мидас Строй» ЖШС және «Altyn Adam Agency» ЖШС шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысы 2019 жылғы 30 сәуірде сағат 10.00-де Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 3 қабат, 305 каб. мекенжайында болады 24 Сәуір 17:16 Қазақстандағы CITIC Construction Co., Ltd филиалына және Астана қаласындағы «Ренейссанс Констракшн» АҚ филиалына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысы 15 Сәуір 10:20 «Ренейссанс Констракшн» АҚ филиалы шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысы 2019 жылғы 17 сәуірде сағат 12.00-де Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 3 қабат, 305 каб. мекенжайында болады. 10 Сәуір 13:48 Қазақстандағы CITIC Construction Co., Ltd филиалына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысы 2019 жылғы 12 сәуірде сағат 12.00-де Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 3 қабат, 305 каб. мекенжайында болады 09 Сәуір 11:00 Қазақстан Республикасындағы Линде Акциенгезельшафт филиалына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысы 2019 жылғы 10 сәуірде сағат 12.00-де Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 3 қабат, 305 каб. мекенжайында болады.

2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылы жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы

Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 36/01 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылы жөніндегі  Қарағанды облысы 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына (бұдан әрі – Жоспар) сәйкес Басқарманың өзінің Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылы жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, оның аясында төмендегі жұмыстар атқарылуда.
2 т. Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелерін аппараттық мәжілістерде қарау;
3 т. Қызметкерлер үшін дөңгелек үстелдер, семинарлар ұйымдастыру.
Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу дерегін болдырмау, сондай-ақ Басқарма қызметкерлерінің құқықтық мәдениетін және құқықтық ақпараттандырылуын арттыру мақсатында тоқсан сайын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) қызметкерлерінің қатысуымен жаппай құқықтық оқыту өткізіледі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер Басқарманың аппаратық мәжілістерінде қарастырылады. Мәселен, ағымдағы жылдың басынан бастап «Мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру» тақырыбында Департаменттің офицері А. Медеубаева және Жедел басқарудың аға офицері А. Сарин 2 жаппай құқықтық оқыту өткізді, 86 адам қамтылды.
6 т. Орталық және жерлікті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмысы туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылыққа тартылғандар (2016 жылғы қаңтардан), мемлекеттік қызметтен босатылғандар туралы ақпарат (толық сауалнамалық мәліметтер, фотосурет) орналастыруды қамтамасыз ету. Бұған қоса, тұрғындардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қажетті ісшаралар бойынша тиісті ұсыныстар енгізу мүмкіндігін (блог форматында, бұл ұсыныстарды ашық қолжетімділікте сайтта тұрақты орналастырумен) қамтамасыз ету.
Басқарманың ресми сайтында: Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының ресми сайтына сілтеме ретінде баннер орналастырылған; «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмысы» арнайы бөлімі қызмет етеді, онда Қарағанды облысының 2015 жылғы 2 шілдедегі № 36/01 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі Қарағанды облысында 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау жөніндегі ақпарат орналастырылған; Басқарманың бірінші басшысының блогы Басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын және өзге де заңнаманы бұзу деректері бойынша ақпаратты орналастыруды қамтамасыз етеді.
11 т. Әлеуметтік маңызды мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға мемлекет бөлген ақшалай қаражатты тиімді және мақсатқа сай пайдалануға мониторинг жүргізу.
Басқарма ай сайын Қарағанды облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері мен орталықтарының Жұмыспен қамту 2020 Жол картасын іске асыруға республикалық бюджеттен бөлінген ақшалай қаражатты игеру жөніндегі мониторинг жүргізіледі, оның ішінде жастар тәжірибесі, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқыту, еңбекақыны ішінара субсидиялауға, кәсіпкерлік негіздерін оқыту, ақпараттық-түсіндіру жұмысы.   Сонымен қатар Басқарма жарты жылдың қорытындысы бойынша тікелей көрсеткіштердің орындалуы жөнінде аралық есеп, және есептік жылдың тікелей және түпкілікті нәтижелерге жету жөніндегі қорытынды есепті ДСӘДМ-ге ұсынады.
24 т. «Сенім телефонымен» және бірінші басшылардың жеке қабылдау кестелерімен ақпараттық стенділер әзірлеу және орнату, сол сияқты жеке және заңды тұлғалар үшін «сенім телефоны» мен арыз-шағымдарға арналған пошта жәшігі жұмыс істеуін жалғастыру.
Басқармада мемлекеттік қызметшілерінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылы туралы» Заңын және өзге де заңнаманы бұзу деректерін  хабарлау мақсатында «сенім телефоны» (432093) жұмыс істейді, нөмірі Басқарманың ресми сайтында, Басқарманың ақпараттық стендінде, «Спутник» жергілікті мерзімдік басылымда орналастырылады, жариялану аралығы аптасына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде.
Басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің  жоғарыда аталған және өзге де заңнаманы бұзу деректері «сенім телефонына» келіп түскен жоқ.
Сондай-ақ, Басқармада бірінші басшының және орынбасарларының жеке қабылдау кестесінің стенді орналасқан, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне және шағымдарына арналған пошта жәшігі жұмыс істейді, олармен жұмыс қатаң түрде «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі.
28 т. Мемлекеттік сатып алу рәсімдеулерін өткізудің айқындалған арттыру.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» № 434-V ЗРК Заңының (бұдан әрі - Заң) 4 бабы 4 тармақшасының негізінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру мемлекеттік сатып алу үдерісінің ашықтығы мен айқындығы  қағидатына негізделеді. Сондай-ақ, Заңның 22 бабына әлеуетті өнім берушілердің конкурсқұжаттамасының жобасын алдын ала талқылауы жүргізіледі және Заңның 43 бабына сәйкес тапсырыс беруші жеңімпазға мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға шағымдану мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жолдайды.
34 т. Әрбір мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған адамдар туралы ақпарат орналастыруды қамтамасыз ету (өмірбаян деректері, суреті, құқық бұзушылық туралы мәлімет);
35 т. Әрбір мемлекеттік мекемеде жұмыста тамаша нәтиже көрсеткен қызметкерлер туралы ақапарат берілетін «Құрмет тақтасын» орналастыруды, сол сияқты «Тоқсанның үздік мемлекеттік қызметшісі» атағына ұсынуға міндетті тоқсан сайынғы мемлекеттік қызметшілер жұмысын ішкі бақылауды өткізу.
Басқарма қызметкерлерінің теріс себептермен жұмыстан босатылған немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзғаны үшін оларды тәртіптік жауапкершілікке тартылған деректер жоқ. «Құрмет тақтасы» орнатылды.
48 т. Мемлекеттік органдар орналасқан ғимараттар мен жайларда азаматтар тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністерінің профилактикасына және мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алу бойынша әлеуметтік жарнама мини-плакаттарын орналастыру;
50 т. Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысын қолжетімді түрде түсіндіретін әдістемелік ұсынымдар, көрнекі және әдістемелі құралдар әзірлеуді қамтамасыз ету.
Басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің сыбайлас жемқорлық мінез-құлқының ескерту және азаматтар тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында мини-плакатты әлеуметтік жарнамалар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ететін мемлекеттік органдардың қызметін түсіндіретін көрнекі-әдістемелік пайдаланушы нұсқаулығы орналастырылған.
Басқарма жоғарыда көрсетілген жоспардың тармақтарына қосымша:
Өткен жылы Басқарманың 2014-2015 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ісшараларының қысқа мерзімді жоспарын орындау мақсатында Қарағанды облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің  түзеу мекемесіне жарты жылда бір рет Басқарма қызметкерлерінің, сонымен қатар ведомстволық қарасты мекемелердің директорлары мен бухгалтерлерінің (шамамен 70 адам) баруы ұйымдастырылды.
Басқармада ағымдағы жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 18 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мониторингісінің негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Басқарманың келесі құрылымдық бөлімдерінде: ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінде, персоналды басқару бөлімінде, көші-қон бөлімінде ұыймдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша ішкі талдау жүргізілді, оның нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер мен нормалар табылған жоқ. Сондай-ақ Басқарманың жоғарыда аталған құрылымдық бөлімшелеріне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметті одан әрі жүзеге асыру ұсынылды.
Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылу деректеріне жол бермеу мақсатында осы бағыттағы жұмыс Басқармада жалғастырылатын болады.

 


Дата редактирования: 20 Қазан 2016

Управление координации занятости и социальных программ Карагандинской области При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна Разработка и поддержка: Интернет-компания Creatida