Расширенный поиск
На главную Карта сайта RSS RSS
Уменьшить шрифт Увеличить шрифт
Предыдущий слайдер
22 Тамыз 09:19 Қазақстандағы Citic Construction Co., Ltd филиалы шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысы 2019 жылғы 23 тамызда сағат 12.00-де Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 3 қабат, 305 каб. мекенжайында болады. 13 Тамыз 15:45 Шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу жөніндегі комиссияның отырысы 2019 жылғы 15 тамыз сағат 15.00-ге ауыстырылды. Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 3 қабат, 312 каб. мекенжайында болады 13 Тамыз 10:06 Корпорация «Исан» Қызылорда филиалына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысы 2019 жылғы 15 тамызда сағат 18.00-де Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 3 қабат, 305 каб. мекенжайында болады 12 Тамыз 09:42 Шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу жөніндегі комиссияның отырысы 2019 жылғы 14 тамызда сағат 15.00-де Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 3 қабат, 312 каб. мекенжайында болады 05 Тамыз 10:20 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға, Қазақстан Республикасындағы Линде Акциенгезельшафт филиалына және «Пак А.Г.» ЖК-ға шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысы 2019 жылғы 6 тамызда сағат 12.00-де Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 3 қабат, 305 каб. мекенжайында болады 29 Шілде 11:13 Қазақстан Республикасындағы Линде Акциенгезельшафт филиалына және Корпорация «Исан» Қызылорда филиалына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысы 2019 жылғы 31 шілдеде сағат 12.00-де Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 3 қабат, 305 каб. мекенжайында болады. 22 Шілде 10:54 «Karagandy CCI” (Караганды СиСиАй) ЖШС-ға шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссияның отырысы 2019 жылғы 23 шілдеде сағат 12.00-де Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 3 қабат, 305 каб. мекенжайында болады 18 Шілде 16:32 Балқаш қаласы бойынша «Қарағанды-Балқаш», «Балқаш-Бурылбайтал» жолдарын қайта құру жобаларына жұмысқа орналастыру пунктілерінің жұмысы жайлы ақпарат 15 Шілде 14:11 Құрметті облыс тұрғындары! 11 Шілде 10:29 Астана қаласындағы «Ренейссанс Констракшн» АҚ филиалына, «Карцемент» АҚ-ға, «China Machinery Engineering Corporation» (Чайна Машинери Инжиниринг Корпорейшн) филиал компаниясы, Қазақстандағы Citic Construction Co., Ltd филиалына және “Нурманова Елена Джанболатовна» ЖК-ға шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысы 2019 жылғы 12 шілдеде сағат 12.00-де Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 3 қабат, 305 каб. мекенжайында болады

2015 жылғы жұмыс қорытындысы жөніндегі есебі

Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және
әлеуметтік бағдарламалар басқармасының
2015 жылғы жұмыс қорытындысы жөніндегі есебі

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі елдің даму стратегиясының негізін қалаушы қағидаты еліміздің басты құжаты – Конституцияда айқындалған. Құжатта Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратыны бекітілген, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің 2013 жылғы «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру» - деп атап көрсетті.
Әлеуметтік мемлекеттің басты ерекшелігі қоғамның әрбір мүшесі өзінің барлық әлеуметтік мәселелерін өз еркімен шешуге қабілетті адам капиталын едәуір тиімді пайдалану үшін жағдай жасау болып табылады. Сонымен, халықты жұмыспен қамту саясатын тиімді іске асыру барлық жергілікті атқарушы органдар үшін басым міндет болып табылады.
2016 жылғы 1 қаңтарға Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің Кешенді жоспары аясында 52908 адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылды. Жұмыспен қамту шараларымен қамтылғандардың ішінен 37373 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде тұрақты жұмысқа – 23877 адам, уақытша жұмысқа – 13496 адам.
Мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында іске асырылатын жобаларға - 1999 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: тұрақты жұмысқа – 383 адам, уақытша жұмысқа – 1616 адам.
Мемлекеттің қолдау шараларысыз 37786 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: тұрақты жұмысқа – 30333 адам, уақытша жұмысқа – 7453 адам.
«Өрлеу» бағдарламасының аясында 13 адам жұмысқа орналастырылды.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 1115 адам, алынған мамандық бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу мақсатында жастар тәжірибесіне жоғары және орта білім беру ұйымының 964 түлегі жұмысқа орналастырылды.
Кәсіптік оқуға 1862 адам жіберілді. Қоғамдық жұмысқа 8345 адам жіберілді. 360 шағын несие берілді.
Өнімсіз еңбекпен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың ішінен 463 адамның жұмыспен қамтылуы нысандандырылды.
Жұмысқа орналасқан және шағын несие алғандардың ішінен 45116 адамның міндетті зейнетақы жарналары бар.
Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы 2011 жылдан бастап іске асырылады. Осы бағдарламаның іске асырылу кезеңінде жұмыссыз, аз қамтылғандар, өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың ішінен 35 мыңнан астам адам, оның ішінде тек 2015 жылы 12333 адам жұмысқа орналастырылды.  
Бағдарлама қатысушыларының ішінен 2015 жылда 5103 адам жұмыссыз, 5077 адам өзін-өзі жұмыспен қамтыған және 89 адам жартылай жұмыспен қамтылған жалданбалы жұмыскерлер, 2119 адам тіркелмеген жұмыссыздар болып табылады.
5997 әйел Бағдарлама қатысушысы болды, олардың ішінен мемлекеттік қолдау шараларын көрсетусіз бос жұмыс орындарына 4482 адам, инфрақұрылымдық жобаларға 224 адам жұмысқа орналастырылды, кәсіпкерлік негіздеріне 97 адам оқытылды, 139 адам шағын несие алды, кәсіптік оқумен 237 адам қамтылды, 233 адам оқуды аяқтады.
Жастардың ішінен 5377 адам Бағдарлама қатысушысы болды, олардың ішінен мемлекеттік қолдау шараларын көрсетусіз бос жұмыс орындарына 3766 адам орналастырылды, инфрақұрылымдық жобаларға 296 адам жұмысқа орналастырылды, кәсіпкерлік негіздеріне 77 адам оқытылды, шағын несие 73 адам алды, кәсіптік оқумен 269 адам қамтылды, 263 адам оқуды аяқтады.
Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың ішінен олардың 343 адам Бағдарлама қатысушысы болды, олардың ішінен мемлекеттік қолдау шараларын көрсетусіз бос жұмыс орындарына 189 адам, инфрақұрылымдық жобаларға 35 адам жұмысқа орналастырылды, кәсіпкерлік негіздеріне 12 адам оқытылды, 23 адам шағын несие алды, 14 адам оқуды аяқтады, әлеуметтік жұмыс орындарына 48 адам орналастырылды, жастар тәжірибесіне 18 адам жіберілді.
«Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бірінші бағыты аясында 47 жобада 1736 адам жұмысқа орналастырылды. Бағдарламаның бірінші бағытын іске асыру барысында инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бөлінген 70%-дан төмен емес қаражат ауылдық жерлерге жолданды, бұл тек ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылу мәселесін шешіп қоймай, ауыл жолдарының, клубтарының, мектептерінің жөндеумен қамтамасыз етілуіне мүмкіндік туғызды. Сондай-ақ, құрылған жұмыс орындарына жұмыспен қамту орталықтары Бағдарлама қатысушыларының кемінде 50%-ының жұмысқа орналасуын жүзеге асырады. Сонымен, халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы 795 Бағдарлама қатысушысы бірінші бағыттың инфрақұрылымдық жобаларына жұмысқа орналастырылды. 
«Кәсіпкерлікті және тірек ауылдарын дамыту арқылы жұмыс орындарын құру» екінші бағыты барысында 224 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды. 360 Бағдарлама қатысушысына шағын несие берілді, олардың ішінен 211 адам өз ісін ашты. Шағын несие алушылары қосымша 210 жұмыс орын құрды, оларға жұмыспен қамту орталықтары арқылы 177 адам жұмысқа орналастырылды.
«Жұмыс беруші қажеттілігінің аясында оқу және қоныстандыру арқылы
жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» үшінші бағытында кәсіптік оқуды ұйымдастыру үшін Жұмыспен қамту орталығы 24 білім беру ұйымдарымен шарт жасады, 292 адам кәсіптік оқуды бастады, 492 Бағдарлама қатысушысы біліктілігін арттырды немесе жаңа мамандық алды, оның ішінде жылдың қорытындысы бойынша 452 адам жұмысқа орналасты.
Жастар тәжірибесін ұйымдастыру үшін облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарымен 196 шарт жасалып, кәсіптік оқу орындарының 614 түлегі жұмысқа орналасты.
Халықтың нысаналы топтарына (аз қамтылғандарға, оралмандарға, зейнеткер жасына дейінгі тұлғаларға, мүгедектерге, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға және басқа азаматтарға) әлеуметтік жұмыс орындары құрылды, онда 804 адам жұмысқа орналастырылды.
Осы бағыттың аясында әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерден әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына еңбек жасына жарамды 187 адам қоныстандырылды, оның ішінен 108 адам жұмысқа орналастырылды.
Облыстың қалалары мен аудандарында 2015 жылда 69 стенд, 49 баннер, 19 билборд орналастырылды.
Теледидар мен радиода өткізілген ақпараттық түсіндіру жұмыстың барысында 2015 жылдың тамыз бен қазан аралығында мемлекеттік және орыс тілдерінде Бағдарламаның негізгі басымдықтарын түсіндіру бойынша бейнероликтер мен аудиороликтер орналастырылды, эфирге шығарылудың жалпы саны 732.
73 қалалық және аудандық бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді, онда 1684 жұмыс беруші 13076 бос жұмыс орнын жариялады. 2576 адамға жұмысқа орналасуға көмек көрсетілді.
2015 жылғы 30 қарашадағы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында бүгінгі күнге ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі «Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» багдарламаны жандандыру бойынша жұмыс жүргізуде.
Сонымен, ірі өнеркәсіп кәсіпорындардың жоғары біліктілігі бар жұмыскерлері үшін қысқартылған жұмыс уақытына еңбекақының бөлігін уақытша қаражаттандыруды енгізу жоспарланады.
Сондай-ақ, өндірістен үзбей өнеркәсіп кәсіпорындарының жоғары білікті жұмыскерлерін оқытуға жұмыс берушілерге гранттарды беру жоспарланады, онда 18 ден 24 жасқа дейінгі жастағы жұмыс істейтін жастарға кәсіптік оқытуды ұйымдастыру жоспарланады. Оқу кезінде жұмыс істейтін жастарға жұмыс берушілер әлеуметтік демалыс үсынады, ал мемлекет оқуақы толейді.
Әлеуметтік нысандарды және инфрақұрылымды жөндеу бойынша жобаларды кеңейту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету 2009-2010 жылдарда іске асырылған Жол картасы ұқсастығымен жоспарлануда.
Еңбек нарығындағы белсенді саясатты іске асыру бойынша барлық қолданылған шаралар Бағдарламаның іске асыруын басталумен салыстырғанда жұмыссыздық деңгейін 4,9%-ға дейін (2011ж. – 5,3%), кедейшілік деңгейінің 0,3%-ға дейін (2013ж. – 0,4%) азаюына мүмкіндік берді. 
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауында атап өткендей «...еңбек ете алатындарға мемлекеттік қолдау тек олардың қайта оқуға немесе еңбекпен қамту бағдарламаларына қатысулары негізінде ұсынылатын болуы тиіс...».
Осыған орай, облыста «өзара міндеттемелер» қағидаттары негізінде олардың нақты қажеттіліктерін ескере отырып, еңбекке қабілетті азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік келісімшарт негізінде аз қамтылған отбасыларға шартты ақшалай көмек көрсетудегі пилоттық жобаны жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Облыста жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің есебінде 969 аз қамтылған отбасы 3874 адам тұр, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 35,9%-ға аз (2014 жылдың 1 қаңтарына – 1493 аз қамтылған отбасы, 6044 адам).
Жыл басынан әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге 449,4 млн.теңге бюджет қаражаты жұмсалды.
Халықтың әлжуаз топтарына барлық әлеуметтік төлемдер уақтылы төленді. Атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы және тұрғын үй көмегін төлеу бойынша берешек жоқ.
Облыста жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің есебінде 57708 мүгедек, оның ішінде 4083 мүгедек бала тұр.
2015 жылы протездік-ортопедиялық көмек көрсетуге 133,5 млн.теңге бөлінді. Қазіргі таңда 1496 адам 2296  бірлік протездік-ортопедиялық бұйыммен қамтамасыз етілді.
Шипажай-курорттық емдеумен 1850 мүгедек және мүгедек балалар қамтамасыз етілді.
2015 жылы естуі нашар мүгедектерге 721 бірлік сурдотехникалық құрал және көруі нашар мүгедектерге 1826 бірлік тифлотехникалық құрал берілді. 
«ERG» S.a.r.1. ЖШС-ның азаматтық жауапкершілігінің атап өткен жөн. Меморандумның аясында 2015 жылы 118 комнаталық және серуендеуге арналған кресло-арбалар және 23 бірлік тоқ желілі кресло-арба алынды.
Халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарын бейімдеу және ықпалдастыру жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарға облыстың үкіметтік емес ұйымдарының да үлесі бар.
Есептік кезеңде үкіметтік емес ұйымдардың бес жобасы қаржыландырылды, бұл:
- «Лучик надежды» ҚҚ арқылы 60 мүгедек балаға және 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар 20 мүгедекке күндізгі болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
- «Лучик надежды» ҚҚ арқылы 18 жасқа дейінгі 80 мүгедек балаға үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
- Теміртау қаласындағы Қызыл Жарты ай қоғамының күтім ауруханасы арқылы 50 қарт адамға және мүгедекке арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
- көруде ақауы бар 20 мүгедекке компьютерлік оқыту өткізу;
- Жезқазған қаласындағы «Талап» ҚҚҚ арқылы психоневрологиялық аурулары бар 40 мүгедек балаға күндізгі болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету.
2000 жылдан бастап біздің облысымыз «инватакси» қызметін ең алғаш енгізгендердің бірі.
Қазіргі уақытта мүмкіндігі шектеулі азаматтар 31 автокөлікпен тасымалданады, оның ішінде 14 автокөлік арнаулы көтерме құрылғысымен жабдықталған. Жүріп-тұруы қиын 3 мыңға жуық мүгедекке қызмет көрсетіледі.
Облыста арнаулы әлеуметтік қызметтерді 10 медициналық-әлеуметтік мекеме, 69 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімше, 3 әлеуметтік бейімдеу орталықтары көрсетеді. Сонымен қатар 2015 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында арнлау әлеуметтік қызметтерді 3 үкіметтік емес ұйым көрсетті.
2015 жылдың қорытындысы бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтермен 9321 адам қамтылды. Оның ішінде: 1713 мүгедек бала; 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқулары бар 2163 тұлға, 5445 жалғызбасты қарттар мен мүгедектер.
Халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру аясында Басқарма «шетел қызметкеріне жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге сәйкес әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру, қайта ресімдеу және ұзарту» және «оралман мәртебесін тағайындау» мемлекеттік қызметтерін көрсетеді.
Басқарма есептік кезеңде 687 мемлекеттік қызмет көрсетті, олардың ішінде 367 - шетелдік жұмыс күшін тарту бойынша, 320 - оралман мәртебесін тағайындау бойынша.
Басқарма өткен жылғы жұмыстың қорытындысын шығарып, 2016 жылға міндеттер қойды, осы міндеттердің аясында халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік саясатын іске асыру жөнінде қалалар мен аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен бірлесіп жұмысты жалғастыратын болады.
 


Дата редактирования: 27 Сәуір 2016

Управление координации занятости и социальных программ Карагандинской области При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна Разработка и поддержка: Интернет-компания Creatida