Расширенный поиск
На главную Карта сайта RSS RSS
Уменьшить шрифт Увеличить шрифт
Предыдущий слайдер
07 Маусым 09:58 «Ренейссанс Констракшн» АҚ филиалына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысы 2019 жылғы 10 маусымда сағат 12.00-де Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 3 қабат, 305 каб. мекенжайында болады. 28 Мамыр 17:05 «Forever Flourishing (Middle Asia) Pty Ltd» (Форевер Флорайшинг (Мидл Азия) Пти Лтд) ЖШС-ға шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысы 2019 жылғы 30 мамырдағы сағат 12.00-де Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 3 қабат, 305 каб. мекенжайында болады 21 Мамыр 09:42 Астана қаласындағы «Ренейссанс Констракшн» АҚ филиалына, «Альянс Уголь» ЖШС, АҚ «НГСК КазСтройСервис» «Центральная техническая база» филиалы және «НГСК КазСтройСервис» АҚ Оралдық филиалы шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысы 2019 жылғы 23 мамырда сағат 12.00-де Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 3 қабат, 305 каб. мекенжайында болады 15 Мамыр 17:10 «Sluda» (Слуда) ЖШС және «FLSmidth» ЖШС шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысы 2019 жылғы 17 мамырда сағат 12.00-де Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 3 қабат, 305 каб. мекенжайында болады. 04 Мамыр 11:41 Қазақстандағы CITIC Construction Co., Ltd филиалына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысы 2019 жылғы 8 мамырда сағат 12.00-де Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 3 қабат, 305 каб. мекенжайында болады 29 Сәуір 12:26 «СП» Сине Мидас Строй» ЖШС және «Altyn Adam Agency» ЖШС шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысы 2019 жылғы 30 сәуірде сағат 10.00-де Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 3 қабат, 305 каб. мекенжайында болады 24 Сәуір 17:16 Қазақстандағы CITIC Construction Co., Ltd филиалына және Астана қаласындағы «Ренейссанс Констракшн» АҚ филиалына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысы 15 Сәуір 10:20 «Ренейссанс Констракшн» АҚ филиалы шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысы 2019 жылғы 17 сәуірде сағат 12.00-де Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 3 қабат, 305 каб. мекенжайында болады. 10 Сәуір 13:48 Қазақстандағы CITIC Construction Co., Ltd филиалына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысы 2019 жылғы 12 сәуірде сағат 12.00-де Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 3 қабат, 305 каб. мекенжайында болады 09 Сәуір 11:00 Қазақстан Республикасындағы Линде Акциенгезельшафт филиалына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысы 2019 жылғы 10 сәуірде сағат 12.00-де Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 3 қабат, 305 каб. мекенжайында болады.

2016 жылғы жұмыс қорытындысы жөніндегі есебі

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру» - деп атап көрсетті.
Әлеуметтік мемлекеттің басты ерекшелігі қоғамның әрбір мүшесі өзінің барлық әлеуметтік мәселелерін өз еркімен шешуге қабілетті адам капиталын едәуір тиімді пайдалану үшін жағдай жасау болып табылады. Сонымен, халықты жұмыспен қамту саясатын тиімді іске асыру барлық жергілікті атқарушы органдар үшін басым міндет болып табылады.
Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің Кешенді жоспары аясында 2016 жылы 63015 адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылды. Жұмыспен қамту шараларымен қамтылғандардың ішінен 45343 адам жұмысқа орналастырылды.
Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың аясында іске асырылатын жобаларға 4007 адам жұмысқа орналастырылды.
Кәсіптік оқуға 2356 адам, қоғамдық жұмыстарға 8100 адам жіберілді, 646 шағын несие берілді, әлеуметтік жұмыс орындарына 1309 адам, жастар тәжірибесіне 1204 адам жіберілді.
«Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бағдарламасының аясында жұмыссыздардың, өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың, аз қамтылған халықтың ішінен 16 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды.  
Бағдарламаның «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бірінші бағытының аясында инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бөлінген 70%-дан кем емес қаражат ауылдық жерлерге жолданды, бұл тек ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылу мәселесін шешіп қоймай, ауыл жолдарының, клубтарының, мектептерінің, бала бақшаларының және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жөндеумен қамтамасыз етілуіне мүмкіндік туғызды. 16 ауылдық дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталды. Сондай-ақ, құрылған жұмыс орындарына жұмыспен қамту орталықтары Бағдарлама қатысушыларының кемінде 50%-ының жұмысқа орналасуын жүзеге асырды. Есептік жылдың қорытындысы бойынша 620 жобада 3016 Бағдарлама қатысушысына 5746 жұмыс орны құрылды.
«Кәсіпкерлік бастамасын ынталандыру» екінші бағытының барысында 299 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды. 646 Бағдарлама қатысушысына 1710,869 млн.теңге шағын несие берілді, олардың ішінен мал, құс асырау, тұрмыстық қызмет, автокөлік жөндеу қызметін көрсету және наубайхана ашу бойынша 373 адам өз ісін ашты. Шағын несие алушылар қосымша 465 жұмыс орнын құрды, оларға жұмыспен қамту орталықтары арқылы 441 адам жұмысқа орналастырылды.
«Жұмыс беруші қажеттілігінің аясында оқу және қоныстандыру арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» үшінші бағытында кәсіптік оқуды ұйымдастыру үшін Жұмыспен қамту орталықтары 59 білім беру ұйымымен шарт жасады, 976 Бағдарлама қатысушысы біліктілігін арттырды немесе жаңа мамандық алды.
Облыстың жұмыс істейтін кәсіпорындарын әлеуметтік қорғау мақсатында 18 жастан 24 жасқа дейінгі жастардың ішінен 297 жалданбалы жұмыскерді оқыту ұйымдастырылды, жұмыс берушілерге грант есебінен 22 адам қайта даярлауға жіберілді, қысқартылған жұмыс уақыты үшін білікті қызметкерлердің жоғалтқан табысының 2/3 көлемінде уақытша демеуқаржымен 56 адам қамтамасыз етілді.
Ақпараттық түсіндіру жұмысының аясында Басқарма 2016 жылғы 23-24 тамызда Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы бағдарламасының тетіктері мен ісшаралары жөнінде 2 күндік оқыту семинарын өткізді, оған қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарлары, ауылдық округтардың, кеттердің әкімдері және Жұмыспен қамту орталықтарының директорлары мен мамандары қатысты. 
Теледидар мен радиода бағдарламаның негізгі басымдықтарын түсіндіру бойынша 6 бейнеролик, 6 аудиоролик (кемінде 2928 шығыс) орналастырылды, облысты БАҚ-та 24 мақала жарияланды, жергілікті телеарналарда 6 жаңалық сюжеті көрсетілді.
Мемлекеттік және орыс тілдерінде 1610 ақпараттық материал (550 буклет, 550 плакат, 510 әдістемелік құрал) әзірленді.
Еңбек нарығындағы белсенді саясатты іске асыру бойынша барлық қолданылған шаралар Бағдарламаның іске асыруын басталумен (2011 жылғы 3 тоқсанда 5,2%) салыстырғанда жұмыссыздық деңгейін 4,9%-ға дейін (2016 жылғы 3 тоқсан) азаюына мүмкіндік берді. 
Мемлекет басшысының 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму»  атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған, яғни еңбекке қабілетті мүшелері бар отбасылар үшін өзара міндеттемелер қағидатына негізделген атаулы әлеуметтік көмекті енгізу тәжірибесін кеңейту бойынша берген тапсырмасын орындау мақсатында, 2016 жылдан бастап облыстың барлық аумақтарында «Өрлеу» жобасын іске асыру аясында шартты ақшалай көмек көрсету жұмысы жүргізілуде.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің есебінде 638 аз қамтылған отбасы 2550 адам тұр, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 34,2%-ға аз (2016 жылдың 1 қаңтарына – 969 аз қамтылған отбасы, 3874 адам).
2016 жылы әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге 442,9 млн.теңге бюджет қаражаты жұмсалды.
Халықтың әлжуаз топтарына барлық әлеуметтік төлемдер уақтылы төленді. Атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы, шартты ақшалай және тұрғын үй көмегін төлеу бойынша берешек жоқ.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің есебінде 61240 мүгедек, оның ішінде 4309 мүгедек бала тұр.
2016 жылы протездік-ортопедиялық көмек көрсетуге 108,2 млн.теңге бөлінді. 2016 жылы 1815 адам 2409  бірлік протездік-ортопедиялық бұйыммен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар шипажай-курорттық емдеумен 1775 мүгедек және мүгедек балалар қамтамасыз етілді.
2016 жылы естуі нашар мүгедектерге 491 бірлік сурдотехникалық құрал және көруі нашар мүгедектерге 813 бірлік тифлотехникалық құрал берілді. 
Қарағанды облысы бойынша  жүріп-тұруы қиын  мүгедектер 714 кресло-арбамен қамтамасыз етілді..
Халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарын бейімдеу және ықпалдастыру жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарға облыстың үкіметтік емес ұйымдарының да үлесі бар.
Есептік кезеңде үкіметтік емес ұйымдардың бес жобасы 51,7 млн. теңге сомада қаржыландырылды, бұл: әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша күндізгі болу жағдайында психоневрологиялық аурулары бар 115 мүгедек балаға және 18 жастан асқан 21 мүгедекке, үй жағдайында 70 мүгедек балаға және 18 жастан асқан 10 мүгедекке, стационар жағдайындағы 50 жалғыз басты мүгедек және қарт адамға, үй жағдайында 30 жалғыз басты мүгедек және қарт адамға қызметтер көрсетілді, сонымен қатар көруде ақауы бар 45 мүгедекке компьютерлік оқыту өткізілді.
2000 жылдан бастап біздің облысымыз «инватакси» қызметін ең алғаш енгізгендердің бірі.
Қазіргі уақытта мүмкіндігі шектеулі азаматтар 33 автокөлікпен тасымалданады, оның ішінде 20 автокөлік арнаулы көтерме құрылғысымен жабдықталған. Жүріп-тұруы қиын 2922 мүгедекке қызмет көрсетіледі.
Облыста арнаулы әлеуметтік қызметтерді 10 медициналық-әлеуметтік мекеме, 69 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі, 3 әлеуметтік бейімдеу орталығы көрсетеді.
2016 жылдың қорытындысы бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтермен 10702 адам қамтылды. Оның ішінде: 1590 мүгедек бала; 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқулары бар 2820 тұлға, 6292 жалғызбасты қарттар мен мүгедектер.
Тұрғылықты орны жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталықтарында 445 адам қамтылды, сонымен қатар Орталықтарда әлеуметтік патрульдың мобильді қызметі жұмыс істейді.
Халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру аясында Басқарма «шетел қызметкеріне жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге сәйкес әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру, қайта ресімдеу және ұзарту» және «оралман мәртебесін тағайындау» мемлекеттік қызметтерін көрсетеді.
Басқарма есептік кезеңде 729 мемлекеттік қызмет көрсетті, олардың ішінде 232 - шетелдік жұмыс күшін тарту бойынша, 497 - оралман мәртебесін тағайындау бойынша.
Басқарма өткен жылғы жұмыстың қорытындысын шығарып, 2017 жылға міндеттер қойды, осы міндеттердің аясында халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік саясатын іске асыру аясында жұмысты одан әрі жалғастыратын болады.

 


Дата редактирования: 23 Қаңтар 2017

Управление координации занятости и социальных программ Карагандинской области При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна Разработка и поддержка: Интернет-компания Creatida