Расширенный поиск
На главную Карта сайта RSS RSS
Уменьшить шрифт Увеличить шрифт
Предыдущий слайдер
22 Тамыз 09:19 Қазақстандағы Citic Construction Co., Ltd филиалы шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысы 2019 жылғы 23 тамызда сағат 12.00-де Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 3 қабат, 305 каб. мекенжайында болады. 13 Тамыз 15:45 Шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу жөніндегі комиссияның отырысы 2019 жылғы 15 тамыз сағат 15.00-ге ауыстырылды. Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 3 қабат, 312 каб. мекенжайында болады 13 Тамыз 10:06 Корпорация «Исан» Қызылорда филиалына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысы 2019 жылғы 15 тамызда сағат 18.00-де Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 3 қабат, 305 каб. мекенжайында болады 12 Тамыз 09:42 Шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу жөніндегі комиссияның отырысы 2019 жылғы 14 тамызда сағат 15.00-де Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 3 қабат, 312 каб. мекенжайында болады 05 Тамыз 10:20 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға, Қазақстан Республикасындағы Линде Акциенгезельшафт филиалына және «Пак А.Г.» ЖК-ға шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысы 2019 жылғы 6 тамызда сағат 12.00-де Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 3 қабат, 305 каб. мекенжайында болады 29 Шілде 11:13 Қазақстан Республикасындағы Линде Акциенгезельшафт филиалына және Корпорация «Исан» Қызылорда филиалына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысы 2019 жылғы 31 шілдеде сағат 12.00-де Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 3 қабат, 305 каб. мекенжайында болады. 22 Шілде 10:54 «Karagandy CCI” (Караганды СиСиАй) ЖШС-ға шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссияның отырысы 2019 жылғы 23 шілдеде сағат 12.00-де Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 3 қабат, 305 каб. мекенжайында болады 18 Шілде 16:32 Балқаш қаласы бойынша «Қарағанды-Балқаш», «Балқаш-Бурылбайтал» жолдарын қайта құру жобаларына жұмысқа орналастыру пунктілерінің жұмысы жайлы ақпарат 15 Шілде 14:11 Құрметті облыс тұрғындары! 11 Шілде 10:29 Астана қаласындағы «Ренейссанс Констракшн» АҚ филиалына, «Карцемент» АҚ-ға, «China Machinery Engineering Corporation» (Чайна Машинери Инжиниринг Корпорейшн) филиал компаниясы, Қазақстандағы Citic Construction Co., Ltd филиалына және “Нурманова Елена Джанболатовна» ЖК-ға шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысы 2019 жылғы 12 шілдеде сағат 12.00-де Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 3 қабат, 305 каб. мекенжайында болады

Басқарманың негізгі функциялары мен міндеттері

10. Басқарманың негізгі міндеттері:
1) әлеуметтік бағдарламаларды жасау жолымен әлеуметтік саясаттың басты бағыттарын іске асыру және олардың орындалысын үйлестіру-әдістемелік қамтамасыз ету;
2) халықты әлеуметтік қамтамасыз етуді кеңейту жолымен әлеуметтік қамтамасыз ету деңгейін көтеру, ұсынылатын әлеуметтік қызмет сапасын жақсарту, есептің бірыңғай персоналық жүйесін жетілдіру, әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттары бойынша ұсыныстар енгізу;
3) халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қызметкерлер мен жұмыс берушілердің, атқарушы билік органдары өкілдерінің мүдделерін келістірумен қамтамасыз ету жолымен әлеуметтік әріптестікті дамыту;
4) экономикалық қызмет барлық түрлерінің ұйымдары мен кәсіпорындарының еңбек төлемі мен нормалау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
 
2. Басқарма келесі функцияларды жүзеге асырады:
1) жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласында әлеуметтік бағдарламалар мәселелері жөніндегі нормативті құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;
2) жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы орта мерзімдік жоспарының жобасын әзірлеу, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде және Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде келісу;
3) халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің қызметін үйлестіру, консультативтік және тәжірибелік көмекті жүзеге асыру жолымен әлеуметтік жәрдемақылар тағайындап, төлеу, семинарлар өткізу, жұмыстың оң қорытындысын қорытып, тарату, басқарманың құзыретіне кіретін мәселелері бойынша тексерістер жүргізу;  
4) еңбек нарығының жағдайы туралы жергілікті және орталық атқару органдарына ақпарат беру және экономикалық белсенді халық тобының (жұмыс күшінің) ұсыныстары мен сұранымын болжау және талдауды жүзеге асыру;
5) консультативтік және тәжірибелік көмек көрсету жолымен қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің қызметін үйлестіру, жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мәселелері бойынша оң іс-тәжірибе қорытып, тарату, кәсіптік даярлықты, біліктілікті арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру, қоғамдық жұмыстар жүргізу, әлеуметтік жұмыс орындарын ашу, жұмыссыз азаматтардың өзін-өзі жұмыспен қамтуына және өз ісін ашуға материалдық көмек көрсету;
6) өз құзыретінің шегінде әлеуметтік әріптестікті дамыту және нығайтуға жәрдемдесу, әлеуметтік әріптестік жөніндегі облыстық үш жақты комиссияның жұмысын, комиссия қызметін ұйымдастыруда атқарушы билік органдарына және жұмыс берушілерге, кәсіподақтар өкілдеріне жәрдемдесумен оның жұмыс тобының жұмысын қамтамасыз ету;
7) қалалық, аудандық деңгейде жасалған салалық және аймақтық келісімдерді тіркеу;
8) әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттейтін облыстық үш жақты келісім жобасының әлеуметтік әріптестік тараптарымен жасау және келісу;
9) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, сондай-ақ қалалар мен аудандар әкімдері қызметінің рейтингтік бағасын қалыптастыру және қорытынды ақпарат әзірлеуге мемлекеттік статистикалық есеп-қисап және мониторингтар жүргізу;     
10) Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетел жұмыс күшін тартуға жұмыс берушілерге рұқсаттар беру және қолданыстағы заңнамаға сәйкес аталған рұқсаттарды тоқтату және кері қайтару;
11) белгіленген заңнама тәртібінде бағаны (тарифтерді, алымдарды, мөлшерлемелерді) мемлекеттік реттеу енгізілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға), ұйымдарға еңбек төлемі жүйесі бойынша еңбек нормалары мен параметрлерін қарау және келісу (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынылған еңбек нормаларының, штаттық кестелердің және еңбек төлемі туралы өзге де нормативтік материалдар негіздемесін тексеру);
12) қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің есептерін талдау және жинау жолымен мемлекеттік емес көздерден халықтың аз қамтылған тобына атаулы әлеуметтік көмек көрсету жұмысын үйлестіру, мониторинг жүргізу;
13) мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік ұйымдарда әлеуметтік қызмет көрсетуге лицензиялар беру жұмысын ұйымдастыру;
14) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ұсыну үшін интернат-үйлерінің қызметі туралы есептерді жинақтау, қамқорлықтағыларға қызмет көрсету және асырау сапасы бойынша интернат-үйлерінде тексеріс жүргізу жолымен интернат-үйлерінің қызметін үйлестіру және бақылау, қарттар мен мүгедектерге медициналық қызмет көрсету мәселесі жөнінде денсаулық сақтау органдарымен қарым-қатынас жасау;
15) интернат-үйлеріне мүгедектер мен жалғыз басты қарттарды орналастыру туралы шешімдер қабылдау;
16) мүмкіндігі шектеулі балаларға, жалғыз басты қарттарға үйде қызмет көрсету жөніндегі әлеуметтік көмек бөлімшелерінің жұмысы жөніндегі қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің қызметін, әдістемелік көмек арқылы нақты тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған Бейімдеу орталықтарының жұмысын үйлестіру, Бейімдеу орталықтарының және бөлімшелердің қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға жәрдемдесу және есеп талдауын, жинақтауды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ұсыну;  
17) мүгедектер мен ардагерлерге әлеуметтік қызмет ұсыну, әлеуметтік қызмет көрсету мәселелері жөнінде әдістемелік нұсқаулар жасау;
18) ардагерлерді, мүгедектер мен мүгедек балаларды шипажай-курорттық еммен қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастыру;
19) облыстық арнайы комиссия өкілеттілігі шегінде Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды есепке алу және тіркеу жұмысын үйлестіру;
20) қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері өтінімдерінің негізінде мұқтаж мүгедектерге әлеуметтік көмекке қаржыландыруды бөлу және қажеттілікті анықтау;
21) Басқарманың және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметі үшін ақпараттар өңдеу жүйесін, ақпараттық технологияларды, сәйкес бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және енгізу, ақпараттық және басқа да бағдарламаларды ілестіру, ақпараттық алмастырумен қамтамасыз ету;
22) жұмысқа орналастыру жөніндегі, жұмыссыз азаматтар мәліметтері банкін, бос жұмыс орындары және бос лауазымдарды, қоғамдық жұмыстарды, аз қамтылған азаматтарды есепке алу және оларға көмек көрсетуді есепке алу, атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақысын тағайындау және төлеу жөніндегі, Ұлы Отан соғысы ардагерлерін есепке алу және оларға көмек көрсету, Семей ядролық полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарға жәрдемақы тағайындау және төлеу, ұжымдық шарттар есебі, кәсіптік даярлық, біліктілікті арттыру және жұмыссыздарды қайта даярлау жөніндегі мәліметтер базасын қалыптастыру;  
23) басқарманың, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің және ведомстволық қарасты мекемелер қызметінің қаржылық есеп-қисабын, қаржылық бақылауын жүргізу жұмысын жүзеге асыру;
24) республикалық және облыстық бюджеттердің қаражатын және мемлекеттік сатып алуларға бөлінген қаражаттардың мақсатсыз, негізсіз және тиімсіз пайдаланылуын анықтау, болдырмау және жолын кесу жөнінде бақылау;
25) басқарма аппараты үшін және ведомстволық қарасты мекемелер үшін тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алулар өткізу (баға ұсыныстары сұранымы тәсілімен, бір көздік тәсілмен тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру үшін құжаттар әзірлеу, басқарма аппараты үшін және ведомстволық қарасты мекемелер үшін тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алулар өткізу)жұмысын ұйымдастыру;
26) белгіленген заңнама тәртібімен Басқарманың бюджеттік бағдарламаларының паспорттарын әзірлеу, облыстық бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау, негіздеу және іске асыру;
27) Басқарма бойынша сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің көлемі мен номенклатураларды қалыптастыру, белгіленген заңнама тәртібімен тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алулар ұйымдастырып, өткізу;
28) ведомстволық қарасты мекемелердегі есептік мәліметтерге сәйкес және бюджеттік топтамаларды, әкімшілік бағдарламалар шығыстары сметасын орындау және лимиттердің шығынын бақылау;
29) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын, семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізу;
30) Басқармаға жүктелген қызметтер мен міндеттерді орындау үшін басқарманың, оның ведомстволық қарасты мекемелерінің қызметін жетілдіру мәселелері жөнінде облыс әкіміне, облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына ұсыныстар енгізу;
31) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімінің және оның орынбасарларының тапсырмаларын орындау; 
32) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтардың ауызша және жазбаша өтініштерін қарау;
33) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де қызметтерді жүзеге асыру.             
3. Басқарма:
1)                  белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан және лауазымдық тұлғалардан, басқа ұйымдар мен азаматтардан өз қызметін орындау үшін қажетті құжаттар мен ақпараттар сұратып, алу, басқарма құзыретіне кіретін сұрақтарды әзірлеуге қатысуға мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдардың қызметкерлерін тартуға;
2)                атаулы әлеуметтік тұрғын үй көмегін, 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысын және жергілікті бюджеттен төленетін әлеуметтік көмектің басқа түрлерін тағайындау және төлеу жөнін қарауға;
3)                Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша интернат-үйлерінің қызметін ұйымдастыруды бақылауға;
4) қолданыстағы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша шетел жұмыс күшін тартатын кәсіпорындар қызметін және жаңа жұмыс орнын ашу бойынша жұмыс берушілердің шарттарды орындауын, тартылған шетел мамандарын біртіндеп ауыстыруға қазақстандық азаматтардың кәсіптік оқуын бақылауды жүзеге асыратын органдармен қарым-қатынас жасауға;
5) еңбек нормасы сапасының таңдаулы сараптамалық тексерісін өткізу және ұйымдардан (жұмыс істейтіндер саны мен еңбекті төлеу жүйесі туралы мәліметтер, негізгі қомақты көрсеткіштер) соңғы екі жылға қосымша материалдар сұратуға;
6) халықты әлеуметтік қорғау, еңбек және жұмыспен қамту саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
7) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде қажетті түсініктер беруге;
8) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша есеп беру мерзімін, нысанын, тізбесін анықтауға;
9) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ардагерлер мен мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен қарым-қатынас жасауға;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.

Дата редактирования: 27 Наурыз 2014

Управление координации занятости и социальных программ Карагандинской области При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна Разработка и поддержка: Интернет-компания Creatida