Расширенный поиск
На главную Карта сайта RSS RSS
Уменьшить шрифт Увеличить шрифт
Предыдущий слайдер
02 Желтоқсан 14:54 Ағымдағы жылғы 28 қарашада «Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» 21 Қараша 17:25 «Пак А.Г.» ЖК, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Bassel Group LLS» ЖШС, «Мун Лайт Джей Р Р» ЖШС 08 Қараша 09:47 «Еркимбаев Нариман Бакытович» ЖК-ға шетелдік жұмыс күшін тартуға ... 03 Қараша 14:26 Ағымдағы жылғы 27 қазанда Шымкент қаласында «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» Республикалық көрмесі өткізілді. 19 Қазан 11:00 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің арнайы тапсырмасымен әлеуметтік қорғау жүйесі мамандарының беделін арттыру... 07 Қазан 15:23 «Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі үздік қызметкер» атағын беру республикалық байқауының іріктеу турын өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ 06 Қазан 16:35 АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «China Machinery Engineering Corporation» (Чайна Машинери Инжиниринг Корпорейшн) 23 Қыркүйек 17:30 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Горно-Промышленные Технологии и Инжиниринг» ЖШС 23 Қыркүйек 16:10 Назар аударыңыз! Қарағанды облысының үздік әлеуметтік жобаларына дауыс беріңіздер! 16 Қыркүйек 13:09 Баспасөз парақшасы

Статистикалық ақпарат



Қарағанды облысының 2016 жылғы 9 айдағы
«Халықты әлеуметтік қорғау» саласында әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы

Халықты жұмыспен қамту
Облыста халықты жұмыспен қамту мәселелері халықты тұрақты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету іс-шараларын қарастыратын, 2016 жылға  арналған халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің Кешенді жоспары аясында шешіледі.
Ағымдағы жылғы 9 айда халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің Кешенді жоспарының аясында жұмыспен қамту шарасымен 44163 адам қамтылды (жылдық жоспар 39 886 адам).
Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, аумақты дамыту бағдарламасы аясында жобаларға жұмысқа орналасқандар – 2332 адам (жылдық жоспар 2016 адам);
Мемлекеттік қолдау шараларынсыз 31544 адам жұмысқа орналасты (жылдық жоспар 25 880 адам);


Әлеуметтік жұмыс орындарына – 1169 адам (жылдық жоспар 784 адам), жастар тәжірибесіне – 1016 адам (жылдық жоспар 755 түлек).
Кәсіптік оқуға 1350 адам жіберілді (жылдық жоспар 2 306 адам). Қоғамдық жұмыстарға 6198 адам қатысты (жылдық жоспар 7 541 адам).
504 шағын несие берілді (жылдық жоспар 554 шағын несие).

 2016 жылға «Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бағдарламасын іске асыруға 10 млрд. 186 млн. теңге, оның ішінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен 577 млн. теңге бөлінді. 2016 жылғы 1 қазан жағдайы бойынша 4 млрд. 807 млн. теңге игерілді (92,2%, жоспар 5215,8 млн. теңге).
«Инфрақұрылымды және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығын дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бірінші бағыты бойынша 6969 млн. теңге. 16 ауылдық дәрігерлік амбулаторияның құрылысына және 587 инфрақұрылымдық жобаларда 5414 жұмыс орнын құру.
196 инфрақұрылымдық жобалар басталды, онда 2634 жұмыс орнын құрылды, жұмыспен қамту Орталығы арқылы 1389 адам жұмысқа орналастырылды.
«Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру және тірек ауылдарды кешенді дамыту» екінші бағыты бойынша 554 Бағдарлама қатысушысына 1 661,4 млн. теңге сомасына шағын несие беру жоспарланды.
1268 млн. теңге сомасына 485 шағын несие берілді, жәнеде өткен жылдары шағын несие алушылармен мерзімінен бұрын қайтарылған қаржы есебінен 49,5 млн. теңге сомасына 19 шағын несие берілді. 
13,7 млн. теңге сомасына 299 адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарланды.
«Жұмыс беруші қажеттілігінің аясында оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» үшінші бағыты бойынша 562 млн. теңге бөлінді, кәсіптік оқуға - 535 адам және 188 адам жұмыс істейтін жастардан, әлеуметтік жұмыс орындарына - 546 адам,  жоғалған табыстың 2/3 уақытша субсидиялауға - 51 адам, жастар тәжірибесіне – 548 адам жіберу жоспарланды.


981 адам кәсіптік оқуға және 198 адам жұмыс істейтін жастардан, 889 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 725 адам жастар тәжірибесіне жіберілді, жоғалған табыстың 2/3 уақытша субсидиялауға – 56 адам.

Еңбек нарығындағы белсенді саясаттың нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 0,2% пайыздық тармаққа және 2016 жылдың 2 тоқсанында 2011 жылдың 2 тоқсанымен салыстырғанда 5,3%-дан 5,1%-ға төмендегені байқалады.

Халықты әлеуметтік қорғау
2016 жылдың 1 қазанына облыста жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің есебінде 662 аз қамтылған отбасы 2624 адам тұр, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 35,7%-ға аз (2015 жылдың 1 қазанына – 1013 аз қамтылған отбасы, 4083 адам).
2016 жылдың 1 қазан жағдайы бойынша тіркелген кедейшілік деңгейі 2015 жылғы 1 қазанымен салыстырғанда 0,1 пайыздық тармаққа төмендеді және облыс бойынша 0,2 %-ды құрады.
2016 жылғы 1 қазанына әлеуметтік төлемдерге 300,8 млн. теңге бюджет қаражаты  жұмсалды, оның ішінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 3346 адамға жалпы сомасы 55,5 млн. теңгеге көрсетілді, 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы 11886 балаға жалпы сомасы 137,8 млн. теңгеге төленді, тұрғын үй көмегі 5038 отбасына жалпы сомасы 91,9 млн. теңгеге көрсетілді және шартты ақшалай көмек 657 алушыға жалпы сомасы 15,6 млн.теңгеге, оның ішінде 5,9 млн.теңге республикалық бюджет қаражатынан көрсетілді.
Қарағанды облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің есебінде 2016 жылғы 1 қазанға  59 мың мүгедек, оның ішінде 4,2 мың мүгедек бала тұр.
2016 жылы мүгедектерді әлеуметтік қолдауға облыстық бюджеттен 330,1 млн. теңге бөлінді.
2016 жылғы 1 қазанға қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің есебінде Ұлы Отан соғысының 220 қатысушысы мен мүгедегі тұр (ҰОС 174 қатысушысы және 46 мүгедегі).


Дата редактирования: 28 Қазан 2016

Управление координации занятости и социальных программ Карагандинской области При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна Разработка и поддержка: Интернет-компания Creatida